Шымкентте жаппай төбелеске қатысқан оқушылардың ата-анасы жазаланады

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Төбелеске қатысушылардың бәрі - бір мектептің оқушылары болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқушылар арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Онда екі жігіттің бірін бірі аяусыз ұрып жатқанын көруге болады.

Сондай-ақ, бейғам отырған бозбаланы екінші жігіт бетінен теуіп құлатады. Ал, қасындағы балалар араша түсудің орнына видеоға түсіріп, қызық көрген.

Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл оқиға 27 мамыр күні қаладағы көпқабатты үйлердің ауласында болғанын анықтады.

«Төбелеске қатысушылардың бәрі - көрші сыныптарда оқитын бір мектептің оқушылары. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жасөспірімдердің ата-анасына әкімшілік шара қабылданады»,-дейді Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Соңғы жаңалықтар