Шымкентте жаппай балмұздақтан улану оқиғасына кінәлі кәсіпкер сотталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жаппай балмұздақтан улану оқиғасына кінәлі кәсіпкер сотталды. Әл-Фараби аудандық соты сауда орнының қожайыны Ишмуратовты бір жылға бас бостандығын шектеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыстық істі қараған судья Талғат Қаһаров айыпталушыны үш жылға дейін қоғамдық тамақтану саласында қызмет етуге тиым салды. Сондай-ақ кәсіпкердің тәттіден уланған жәбірленушілерге келтірген физикалық және моральдық шығын ретінде 1,5 млн теңгеге жуық  айыппұл төлеуін міндеттеді. Сот үкіміне  15 күн көлемінде шағым келтіруге болатыны ескертілді.null

Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғындарының жаппай улану жағдайы ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында болған еді. Ол кезде тәтті жеп, ауруханаға түскендердің қатары  188 адамға жеткен. Кейіннен  балмұздақ сататын кәсіпкердің арнайы рұқсат қағазы болмағаны анықталды. Қызметкерлерінің тек біреуінде ғана медициналық құжаты бар екені, 12 қызметкердің 2-де салмоноллез инфекциясы анықталған болатын. Ал,  науқастардың 28-інде салмонеллез ауруы расталған. Облыстық ішкі істер департаменті осы жағдайға байланысты  Қылмыстық кодекстің 304-бабы  «санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғап, бірнеше сараптамалар тағайындады. Сонымен қатар, балмұздақтан жаппай уланудың себебі анықталды.  

null 

Соңғы жаңалықтар