Шымкентте және Қостанайда тұрғын үйлерге қарақшылар шабуылдады - ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңірлерде тұрғындардың үйлеріне қарақшылық шабуылдары жасалғаны тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше Шымкент қалалық ІІД қылмыстық полиция қызметкерлері бір күн бұрын қала тұрғынының жеке үйінен 1 миллион 700 мың теңгені қолды еткен ер адамды ұстады.

Қостанай қаласында да тәртіп сақшылары тұрғынның жеке үйіне шабуылдап, 700 мың теңгесін және тіркелген аңшы мылтықтарын алып кетті деген үш күдіктіні ұстады. Қарулар тәркіленді.

Түркістан облысының Отырар ауданында бетперде киген үшеу аудандық қазынашылық ғимаратына кіріп, травматикалық қарумен күзетшіні жаралап, банкоматты ашпақ болған. Бірақ онысынан түк шықпай ізін суытқан. Күзетші ауруханаға жатқызылды, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі кезде қылмыскерлерді ұстау үшін шұғыл шаралар жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар