Шымкентте жанар-жағармай құйылған цистерна өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 12.53-те Шымкенттегі Қорғасын теміржол вокзалында «Бейнеу-Аса» қатынасындағы жүк пойызының жанар-жағармай құйылған 60 тонналық цистернасы аударылып, отқа оранды.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.  

Өрт сөндірушілер жақын маңда тұрған тағы бір жанар-жағармайы бар цистернаға су сеуіп, жарылып кетпеуін қадағалады.

Өрт сөндіру кезінде полиция қызметкерлері жақын орналасқан жеке үйлердегі 125 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

Өрт сөндірушілердің күш салуымен, жалын 13:58-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 150 адам және ОҚО өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің 15 бірлік техникасы, сонымен бірге облыстық жедел-құтқару жасағы, апатты медицина орталығы секілді бөлімшелер жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар