+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Шымкентте жанар-жағармай бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды

2020 жылғы 9 сәуір 03:00
Бөлісіңіз:
Шымкентте жанар-жағармай бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жанар-жағармай бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Бетіне бетперде киген екеу бекетке баса көктеп кіріп, тонап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда екі әйел пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді Өскеменде пәтердегі газ қопарылысынан бір адам зардап шекті Түркістан облысында 12 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық оқиға түнде болған. Белгісіз екі адам бекеттегі операторды пышақпен қорқытып, оны орындыққа байлап тастаған. Сонан соң кассадағы 90 мың теңгені алып, оқиға орнынан іздерін суытқан. Жедел іздестіру шараларын жүргізген Абай аудандық ПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері екі күдіктіні көп ұзамай қолға түсірген.

«Күдіктілерден айғақты зат ретінде пышақ тәркіленді. Аталған жәйт бойынша Қылмыстық кодекстің 192 бабы «Қарақшылық» бойынша іс қосғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында ұсталған күдіктілердің Еңбекші ауданы аумағындағы да қарақшылық қылмыстарына қатыстылығы анықталып отыр». делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT