Шымкентте жаңа терминалдың құрылысы басталады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен «СКАТ» əуе компаниясының президенті Владимир Денисов өзара меморандумға қол қойды. Маңызды құжат аясында қаланың əуежайында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүзеге асырылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараптар 50 млн АҚШ долларын құрайтын құрылыс жұмыстарын ертерек бастап, 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында пайдалануға беруге уағдаласты. Өйткені шымшаһар республикалық маңызы бар қалалар қатарына қосылғалы мұнда отандық жəне шетелдік туристер көптеп келуде. 

«Бұл жоба Шымкент əуежайының жолаушыларды өткізу қабілетін арттыру үшін терминал салу қажеттілігі туындауына байланысты қолға алынды. «СКАТ» əуекомпаниясы» АҚ жеке инвестор ретінде жаңа терминалды өз есебінен салуға қызығушылық танытып отыр. Осыған байланысты қала әкімдігі тарапынан терминал құрылысына 2,8 гектар жер телімі бөлінді», - деді шаһар басшысы.

Айта кетейік, «СКАТ» әуе компаниясы өз қаржысы есебінен жаңа терминалдың құрылыс жұмыстарын бірнеше кезең бойынша жүргізбек. Содан кейін көлемі 7 га жерде әуе кемелеріне арналған перрон кеңейтіледі. Ал, қала әкімдігі жол құрылысы мен инженерлік желілерді қайта құру, әуежай алдына автотұрақ салу және вокзал алды алаңының құрылысын, абаттандыру жұмыстарын өз тарапынан жүргізетін болады.

null 

Соңғы жаңалықтар