Шымкентте жаңа «Shymkent Business School» мектебі ашылады

None
None
ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат - Шымкентте жаңа «Shymkent Business School» мектебі ашылады. Аталған жобаны «Shymkent» ӘКК» АҚ, Silkway Университеті және UX group компаниясы жүзеге асырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Shymkent» ӘКК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған мектепке студенттер мен бизнесмен болғысы келетін университеттің түлектері қатыса алады. Жас ерекшеліктері 18-ден 35-ке дейін болуы міндетті. Жастар 15 күндік курста білікті бизнес-жаттықтырушылардан дәріс алып, арнайы кәсіптік бағдарлама әзірлейді. Мектептің айрықша ерекшелігі - электрондық коммерция негіздерін үйрететін болады. Үздік бизнес-идеялар қаржыландыруды алады. Жаңа бастаған кәсіпкер үшін қажет ақпараттың толық көлемін қамтиды.

null Кейіннен бастауыш мектепті бітіргендер дипломға ие болып, «Shymkent Business School» тұңғыш түлектерінің қатарына қосылады. Қазірдің өзінде аталған мектепке оқуға жүзден астам жастан өтініштер түскен. null

Соңғы жаңалықтар