Шымкентте жаңа мектеп ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкентте жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Шым сити» шағынауданында орналасқан №135 жалпы орта білім беретін мектеп 1200 орынға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан салынған білім нысанымен танысып, ғимаратты аралап көрді. Лингафонды кабинеті мен бастауыш сынып, ер балаларға арналған технология кабинетімен танысты. Сонымен қатар, шаһар басшысы жас шахматшылар ойынын тамашалады. Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы мектептің спорт залының жағдайымен танысты. Мектептің материалдық-техникалық базасымен танысқан қала әкімі мектептің Естелік кітабына қол қойды.

Мектеп ғимаратының құрылысы 2017 жылы басталған болатын. Жоба құны – 1 млрд. 448 млн теңге. Құрылыстың бас жобалаушысы – «Көркем сәулет» ЖШС. Мердігер мекеме нысанды өз уақтында аяқтап, пайдалануға тапсырды. Бүгінде мектептегі оқушылар саны – 720. 3 гектар аумақты алып жатқан мектеп асхана, спортзал, медициналық пунктпен жабдықталған. Компьютер саны – 172 дана. Мектепке бүгінде ұлағатты ұстаз Берікбай Михеев жетекшілік етеді.



Соңғы жаңалықтар