Шымкентте жаңа индустриялды аймақ іске қосылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бұрынғы шина зауытының аумағынан жаңа индустриялды аймақ іске қосылды. Оны әрі қарай бірлесіп дамыту мақсатында кәсіпкерлік палатасы мен индустриалды аймақ басшылары екі жақты келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.



Аумағы 144 мың гектар болатын индустриялды аймақта тауар өндіруге қолайлы жағдайдың бәрі жасалған. Инвесторлар электр қуатын, табиғи газ, су және тағы да басқа коммуналдық қызмет түрлерін мейілінше арзан бағамен тұтынатын болады. Аймақ көлік-логистикалық орталығымен жалғасқан. Шығарылған тауарды сақтайтын арнайы қоймалар да бар. Ал, дайын тұрған өндірістік ғимараттардың көлемі 700 мың шаршы метрден асады. Бұл жерге ең кемі 500-ге тарта кәсіпкерлік нысанын орналастыруға мүмкіндік бар.



«Кәсіпкерлер мұндағы әрбір шаршы метрге 240 теңге төлейді және оларға екі айға дейін төлемнен босатылатын уақыт беріледі. Осында орналасқан барлық кәсіпкерлерге «Атамекен» ұлтық кәсіпкерлер палатасы арқылы қолдау көрсететін боламыз. Бизнес жоспарын жазып, әкімшілік кедергілерін шешеміз»,-дейді Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Тимур Нақыпбеков.



Енді шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысқысы келген кез-келген азамат өндіріске қажетті ғимаратты осы жерден жалға ала алуына мүмкіндігі бар. Бұрынғыдай оны соғып немесе сатып алып жатпайды. Аймақта қазірдің өзінде медициналық бұйымдар, жиһаз және аяқ киім тігетін шағын цехтар жұмыс тұр.

 

Соңғы жаңалықтар