Шымкентте жаңа «Ерлік» фильмі жарық көрді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 16-наурыз - "Ұлттық кино мен анимация" күні. Бұл күні Шымкентте жаңадан жарық көрген «Ерлік» толықметражды фильмінің  тұсаукесер рәсімі өтті.  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша түсірілген туындыны көрерменге жергілікті "САҚ" киностудиясы ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null

 Жастардың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті дамыту идеясымен түсірілген фильмді көруге қала жұртшылығымен қатар  облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, белгілі қаламгерлер Мархабат Байғұт, Нұрғали Ораз бастаған топ келіп  ташамалады. Толықметражды кинотуындыда оңтүстіктің әсем табиғаты көрсетіліп, ішкі туристік әлеуеті насихатталған. Ал мазмұны «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінде жұмыс істейтін инспектор-иегер Болат пен оның баласы Ерболдың арасында өрбиді. Негізгі идея кез келген әке баласының бақыты үшін басын бәйгеге тігеді дегенге саяды. Ақылды ұлдың да өз пайым-парасаты, ұстанымы бар. Қара басының қамын ойламай, жұрт үшін жұмыла еңбек етеді. Отанға опасыздық жасамайды. Сценарий авторы осылайша тұрмыс түйткілдерінен бөлек,  руханиятты да  алдыңғы қатарға шығаруды көздеген.  Фильм авторлары  «Ерліктің» жастар жүрегінде табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жанашырлықты оятады деп сенеді.

null  

Еске салайық, «Сақ» киностудиясы бұған дейін «Қошқар мен теке», «Томпақ» анимациялық фильмдерімен танымал болған.

Соңғы жаңалықтар