Шымкентте жаңа басқармалар құрылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Жаңа мәртебе алған Шымкентте алғашқы басқармалар құрылды. Оларды әзірге уақытша басшы міндетін атқарушылар басқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Табиғи ресурстар және жер қойнауын пайдалану басқармасы басышысының міндетін атқарушы ретінде Ахмет Тәтібаев тағайындалды. Бұған дейін ол Абай ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы міндетін уақытша Бауыржан Қалжанов атқарады.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы етіп Нұрлан Қасымов тағайындалды.

Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының міндетін уақытша Тұрар Ахметов атқарады.

Архивтер, ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы басшысының міндетін атқарушы етіп Айнұр Юсупова тағайындалды.
nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар