Шымкентте жаңа басқарма басшысы тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өкімімен Әли Алтай Сембекұлы қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Алтай Сембекұлы 1985 жылы туған. Білімі - жоғары, мамандығы бойынша экономист, заңгер. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Еңбек жолында Астана қалалық сотының бас маманы, ҚР Премьер-Министрінің Сыртқы байланыстар басқармасының және хаттама бөлімінің сарапшысы, ҚР Премьер-Министрі Хатшылығының бас сарапшысы, ҚР Премьер-Министрі Өңірлік даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы лауазымдарын атқарған.

Соңғы уақытқа дейін Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары - хатшылық меңгерушісі қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар