Шымкентте жаңа ауданның әкімі тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің жаңа ауданының әкімі тағайындалды.

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының әкімі болып Ғалым Ысмайылов тағайындалды. Ол еңбек жолын 1983 жылы Бөген құс фабрикасының жұмыскері болып бастаған. Ғ.Ысмайылов көптеген жылдар ірі кәсіпорындарда басқарушылық қызметтерде еңбек етті. Бұдан басқа, әр жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істеді, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, екі рет Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Қаратау ауданында 209 мыңнан астам адам тұрады, ауданға ондаған шағынаудандар біріктірілген. Оның аумағында екі ЖОО, үш колледж, 32 мектеп, 32 балабақша, 23 денсаулық сақтау мекемесі, 5 мәдени нысан және 7 спорттық нысан орналасқан.

Соңғы жаңалықтар