Шымкентте жаңа әскери прокурор тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасына жаңа прокурор тағайындалды. ҚР Бас әскери прокурорының бұйрығымен бұл қызметті әділет полковнигі Арман Қуанышұлы Капезов атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арман Капезов 1976 жылы дүниеге келген. Ол Жамбыл гуманитарлық техникалық және Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеттерін «заңгер» және «құқықтанушы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақмола облысы Степногорск қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Ақмола облысы прокуратурасында, ҚР Бас прокуратурасы мен Бас әскери прокуратурасында жауапты басшылық қызметтерді атқарды.

2017 жылдан бастап, ҚР Бас әскери прокуратурасының аппарат жетекшісі және басқарма басшысы лауазымында болды.

Соңғы жаңалықтар