Шымкентте Жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ҚР Тұңғыш Президент күні аясында «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» атты Жалпыреспубликалық ашық сабағы өтті.

Дәріске университеттің 8000-ға жуық студенті қатысып, лекторлардың Елбасы жөніндегі дайындаған баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрісте облыстық мәслихаттың депутаттары мен мемлекеттік қызметшілер Елбасы жайлы сан түрлі ақпараттармен бөлісті. Олардың әрқайсысы студенттерге жеке – жеке дәріс оқып, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмір жолымен таныстырып, ұлт көшбасшысы жайлы естеліктерімен де бөлісті. Мәселен, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов аталмыш университеттің құқықтану және заңтану факультеттерінің студенттерімен ашық пікір алмасты.

Ұлт көшбасшысының өмір жолын, еліміз үшін атқарылған жұмыстарға шолу жасап, жастарға бірқатар ақпарат таратты. Аудан әкімі тек мұнымен ғана шектелмей, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға да жауап берді. Ал М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да білім алушы студенттердің сауалдарының басым бөлігі мемлекеттік қызметке орналасудың амал-тәсілін білу жөнінде болды.

Соңғы жаңалықтар