+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Шымкентте жалған шот-фактуралар рәсімдеп келген қылмыстық топ мүшелері сотталды

2020 жылғы 28 қыркүйек 10:40
Бөлісіңіз:
Шымкентте жалған шот-фактуралар рәсімдеп келген қылмыстық топ мүшелері сотталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жалған шот-фактуралар рәсімдеп, қыруар табыс тауып келген қылмыстық топ мүшелері сотталды. 4 адамнан құралған топ кезекті рет жалған құжат жасап, 40 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері ұстаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Полиция Kaspi компаниясына қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстады Алматылықтарды 120 миллион теңгеге алдап соққан адам сотталды СҚО-да жыл басынан мас күйде 701 қылмыс жасалған

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тартқан мәліметтерге қарағанда, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде аталған топ мүшелері алдын ала сөз байласу арқылы шот-фактура беріп жатқаны анықталған.

Топ мүшелері 615 млн теңгенің орындалмаған жұмыстары мен көрсетілмеген қызметтері үшін және тиелмеген тауарлар үшін 40 млн теңге мөлшерінде сыйақы алып жатқан жерінен ұсталған. Яғни, пара ретінде берілген сома негізгі қаражатының 6,5% - ын құраған.

«Шымкент қаласының Абай аудандық соты айыпталушыларды ҚР ҚК 216-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп таныды. Оларға 3 жылға шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды»- делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT