Шымкентте заңсыз миссионерлікпен айналысқан адам жауапкершілікке тартылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында заңсыз миссионерлікпен айналысқан адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Интернет және әлеуметтік желіге монторинг жүргізу барысында YouTube бейне хостингінде жергілікті тұрғын теріс діни ағымды насихаттайтын бейнеролик жариялап, Тelegram мессенджерінде құрған топ мүшелерінің арасында насихаттау жұмысын жүргізген», делінген хабарламада.
Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағымен (миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асыру) әкімшілік іс-құжат жинақтап, сотқа жолдады.
Шымкент қаласы Әкімшілік соты аталған азаматтың заңсыз іс-әрекетіне қатысты әкімшілік шара ретінде 100 АЕК көлемінде айыппұл салды.
- ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
- Шымкентте кәсіпкерлікке заңсыз араласқан 13 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды
- ШҚО полицейлері жоғалған 19 жылқыны иесіне қайтарды
- Жылқы іздеп шыққан қостанайлық алты күннен соң табылды
-
Алматы облысында 10 күнде браконьерліктің 159 фактісі тіркелді
-
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам