+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Шымкентте волонтерлер мектебі құрылды

2020 жылғы 24 қыркүйек 16:30
Бөлісіңіз:
Шымкентте волонтерлер мектебі құрылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте волонтерлер мектебі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды « Еріктілер жылы « деп бекіткен. Осыған сәйкес еріктілер жылын кең көлемде өткізу мақсатында Шымкентте қарқынды жұмыстар атқарылып отыр.

Қазіргі таңда шаһарда 3 мыңнан астам волонтер, 20-ға жуық волонтерлер ұйымы бар. Солардың бірі - «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қоры. Бүгінде аталған қор қалалық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Еріктілер мектебін» ашып отыр.

«Еріктілер мектебінің» басты мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық көрсету, мұқтаждарға көмек беріп, ізгілік жолында жастардың өз ізін қалдыруы болып отыр. Сонымен қатар, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық пен қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.


«Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорының волонтерлері білім, экология, әлеуметтік бағыттарында жұмыс жасайды.

Мәселен, «Эко-волонтер» бағытында «Шымкент – таза қала», «Шымкент – жасыл қала» жобалары бойынша қаланың тазалығына өз үлестерін қосып отыр. Сондай-ақ, «плоггинг» сайыстарын мектеп оқушылары және студенттер арасында ұйымдастырып келеді. Ол жүгіру мен қоқыс жинауды біріктіретін экологиялық қозғалыс. Бұл арқылы волонтерларды тазалыққа, сабырлыққа, мәдениеттілікке үйретеді.


Ал, «ПЕДКЛУБ» білім жобасы жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында жасалынған», - деді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT