Шымкентте вагонға шыққан баланы жоғары кернеулі ток ұшырып жіберді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 10 қазан күні 10:00-де Көксай-1 елді мекенінің маңында тұрған жүк пойызының вагонына шықан он бір жастағы баланы жоғары кернеулі ток соққан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Шымкент станциясының ішкі істер желілік бөлімшесіне сілтеме жасап.

«Үш жеткіншек теміржолдан өтіп бара жатқан. Оның бірі, 6-сынып оқушысы вагонға шыққан, артынша оны күшті ток соғып, жерге лақтырып жіберген. Онда 27 000 вольт электр кернеуі болған. Соның салдарынан бала денесінің 60%-і күйіп кеткен», - деп мәлідеді ІІЖБ-дегілер. Жеткіншек Шымкент облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ол қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.

Соңғы жаңалықтар