Шымкентте үйлену тойы кезінде 2 автомат тәркіленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шымкентте үйлену тойы кезінде 2 автомат тәркіленді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкентте өткен үйлену тойында екі автомат қаруын тәркіледі. Жедел қызметкерлер үйлену тойларының бірінде қалыңдықты шығарып салу рәсімінен кейінгі отшашу кезінде атыс қаруы қолданылатыны туралы ақпарат алады. Бұл жерге көрермендер және жай жүрген адамдар ретінде жедел қызметкерлер тобы жіберіледі. Жедел ақпарат дұрыс болып шықты. Түнгі сағат 12-де үйлердің бірінің жанында ауаға оқ ату кезінде полицейлер қаланың 2 тұрғынын автомат қаруымен ұстады», - деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингіде.

ІІМ өкілінің дерегінше, олардан нөмірі өшірілген АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автомат тәркіледі. Оқиға болған жерді қарау кезінде криминалистер жиырмаға жуық атылған оқтың гильзасын тауып алды.

«Қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осыған орай, бұлтартпау шарасын тағайындау туралы шешім қабылданды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар