Шымкентте үйінің ауласында героин сатқан тұрғын ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте полиция үйінің ауласында героин сатқан тұрғын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі сатушы қала маңындағы елдімекендердің бірінде қолға түскен. Есірткі саудагерінің ізіне түскен тәртіп сақшылары оның үйіндегі жасырын орындарды тінту кезінде мөлшері бойынша өлшеп, оралған және сатуға дайын жалпы салмағы 100 грамнан асатын героин тәркіледі. Осы жерде электрондық таразы да табылды.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі «Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша күдіктінің мүлкi тәркiленiп, 10 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруды көздейді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар