Шымкентте үйінде қайтыс болған тұрғынның мәйітін ашыққан иті жей бастаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте өз үйінде қайтыс болған тұрғынның мәйітін ашыққан иті жей бастаған. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы 5 мамырда, сағат 12:50 шамасында Шымкент қалалық Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан ауданда орналасқан үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы мұқият тексеру жүргізді. Көз жұмған ер адамның жеке басы анықталды. Ол 1958 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам үйінде жалғыз өзі итімен тұрған.
Алдын ала болжам бойынша, ер адам қайтыс болғаннан бірнеше күн өткен соң, ашығып қалған ит иесінің мәйітін жей бастаған», - деді ПД-дан.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ер адамның өлім себебін анықтауға бағытталған бірқатар сараптама тағайындалды

«Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деп нақтылады полициядан.


Соңғы жаңалықтар