Шымкентте үй аламын деушілерге әкімдік субсидия беретін болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен «Баспана» компаниясының басшысы Қайрат Алтынбеков әріптестік меморандумына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екіжақты кездесу барысында Шымшаһар басшысы баспаналы болғысы келетін азаматтарға әкімдік тарапынан 20 % бастапқы жарнаның тең жартысы көлемінде қайтарымды субсидия берілетінін жеткізді.

«Көптеген азаматтарға 20% көлеміндегі бастапқы жарнаны табу қиын, сондықтан қала әкімдігі қосымша 2 млрд теңге бөледі. Бұл қаржының 500 млн теңгесі биыл бөлінеді. Қаражат жас отбасылар мен бюджеттік қызметкерлердің баспаналы болуына мүмкіндік береді»,- деді Ғабидолла Әбдірахымов.
null 

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы Шымкентте екі бағытта жүзеге асырылмақ. Жас отбасыларға арналған «Жас арман» және мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлерге арналған «Қамқор баспана» бағдарламасы. «Баспана» компаниясының басшысы Қайрат Алтынбеков болса, жаңа баспана бағдарламасы ипотекалық несие алудың қолайлы шарттарын ұсынатынын айтады. 

«Шымкентте бүгінде баспана мәселесі өте өзекті. Жаңа бағдарлама баспананы жалға алудан гөрі тиімді болмақ. Оның үстіне, жергілікті әкімдік алғашқы жарнаның субсидиясымен көмектеседі. Біздің компания да бағдарламаның дамуын қолдау үшін 20 млрд теңге бөледі»,- деді компания басшысы.

Қайрат Алтынбековтың сөзінше, Шымқалада «7-20-25» бағдарламасы аясында салынған 8 тұрғын үй кешеніндегі 136 пәтер дайын тұр. Ал, жыл соңына дейін жалпы саны 411 пәтердің құрылысы аяқталады. Бүгінгі таңда бұл бағдарламаға қатысуға 21 тұрғыннан өтініш түскен.

Соңғы жаңалықтар