Шымкентте үш жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте үш жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға әл-Фараби ауданындағы Әлімқұлов көшесінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалып кеткен бүлдіршін 3-қабаттан құлап, сол қолының сүйегін сындырып алған.

«Балалар ауруханасында алғашқы ем көрсетілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді. Жағдайы орташа. Оқиғаның мән-жайын полиция департаменті анықтайды», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұл - жыл басынан бері балалардың биіктен құлауы бойынша қалада болған жетінші оқиға. Барлық жағдайда балалар жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар