Шымкентте үш провизорлық орталық уақытша жұмысын тоқтатты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында инфекциялық ауруға шалдыққан науқастардың азаюына байланысты үш провизорлық орталық уақытша жабылды. Бұл туралы қаладағы эпид ахуал жөнінде баяндаған денсаулық сақтау басқармасының өкілі Дәулет Шорабаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәулет Шорабаевтың айтуынша, қазіргі уақытта провизорлық стационарларды кезең-кезеңмен консервациялау басталған.

«Ең алдымен консервациялау жұмыстарын оқу орындарында ашылған провизорлық стационарлардан бастадық. Бүгінгі күні Политехникалық колледжде ашылған стационарда -250 орын, 52 мектепте ашылған стационарда - 300 орын және №86 мектепте ашылған стационарда - 400 орын уақытша қызметін тоқтатты», - деді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Сала маманының сөзінше, уақытша жұмысын тоқтатқан станционарлар эпидахуал нашарлаған жағдайда қайтадан ашылатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша жұмыс күшейтілген еді. Нәтижесінде қосымша 211 мобильді топ құрылып, 17 820 науқасқа үйінде стационарлық қызмет көрсетілген.


Соңғы жаңалықтар