Шымкентте үш партияның өкілдері қалалық мәслихатқа өтті

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясы қалалық мәслихат депутаттарын партиялық тізім бойынша сайлау қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлауға 6 саяси партия қатысты. Олар жинаған дауыс саны мынадай болды:

«Amanat» партиясы – 178 969 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 64,84 проценті;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 32 486 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 11,77 проценті;

«Respublica» партиясы – 5 424 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,97 проценті;

«Қазақстан халық партиясы» – 2 754 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,54 проценті;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 716 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,26 проценті;

«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 48 729 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 17,65 проценті;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдері саны – 6 927.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар келесідей бөлінді.

«Amanat» партиясы - 11;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 2;

«Respublica» партиясы - 0;

«Қазақстан халық партиясы» - 0;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 0;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 3.


Соңғы жаңалықтар