Шымкентте ҰОС ардагерлеріне 252 мың теңгеден берілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай соғысқа қатысқан майдангерлерге 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде, яғни 252 500 теңге біржолғы материалдық көмек берілді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ал ардагерлерге теңестірілген және тыл ардагерлеріне 5 АЕК, яғни, 12 625 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілді.

От пен оқтың арасынан елге оралған майдангерлерден бүгінде қалада 54 ҰОС ардагері ғана қалған. Ал, 4 276 адам - оларға теңестірілгендер мен тылда еңбек еткендер.

«Ұрпақтың бақытты болашағы мен бейбіт өмірі үшін шайқасқан ҰОС ардагерлеріне жыл сайын әлеуметтік қолдау мен құрмет көрсетіліп келеді. Мәселен, оларға медициналық көмек республикалық әрі өңірлік деңгейде ақысыз көрсетіледі. Сонымен қатар, жыл сайын аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру мақсатында 5 мыңға жуық жекелеген санаттағы азаматтарға түрлі сауықтыру орталықтарына жолдама беріледі. Бұдан бөлек, 2000-нан астам ҰОС ардагері мен тыл ардагері тегін баспасөзге жазылуда» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шымкентте соғыс ардагерлеріне көгілдір отыннан басқа коммуналдық қызметтің барлығы тегін көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар