Шымкентте «Ұлы Жібек жолы бойымен» фотокөрмесі өтуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте фотосуретшілердің «Ұлы Жібек жолы бойымен» фотокөрмесі өтуде. «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастырған фотобайқауға Қазақстан мен Өзбекстанның әуесқой және кәсіби суретшілері қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмені тамашалауға келген қонақтар қазақ-өзбек халықтарының бай мәдениеті мен тұрмыстық ерекшеліктерін, салт-дәстүрлері мен киелі орындарымен танысты. Сондай-ақ, көне сәулет ескерткіштері мен жанға жайлы демалыс орындарын, Ұлы Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің табиғаты бейнеленген суреттерді тамашалады. Өз жұмыстарын көпшілік назарына ұсынған өнер иелері көрме барысында «Қазіргі замандағы Жібек жолы» тақырыбында көркем сурет шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Айта кетейік, сурет көрмесі бүгін Шымкентте өтіп жатқан Қазақстан - Өзбекстан өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында ұйымдастырылып отыр. Аталған шара Қазақстандағы Өзбекстан туризмі жылының жабылуына орай ұйымдастырылды. 

Соңғы жаңалықтар