+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Шымкентте Украинадан келген саяхатшыға шабуылдаған күдіктілер ұсталды

2019 жылғы 25 тамыз 10:45
Бөлісіңіз:
Шымкентте Украинадан келген саяхатшыға шабуылдаған күдіктілер ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте Украинадан келген велосаяхатшыға шабуылдап, ұрып-соғып, тонап кеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда  қандала дәрісінен  уланған ер адам көз жұмды Жуалылық тұрғын 4 келіге жуық «гашиш» есірткісін көмбеде жасырған Қарағандылық барымташы Ақмола облысынан 50 жылқы ұрлаған

Қылмыс жасады деген күдікпен Шымкент қаласының үш кәмелетке толмаған тұрғыны ұсталды. 17 жастағы тонаушылар велотуристің заттарының бір бөлігін қайтарды.

Владимир Галигузов Әл-Фараби ауданының полицейлеріне жұмыстары үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғындарына, қала әкімдігіне мейірімділік жасағаны үшін алғыс білдірді.

Белгілі болғандай, Шымкент қаласының тұрғындары мен әкімшілігі қапыда қалмай, зардап шеккен Украинадан келген велотуриске көмектесу үшін бар күштерін салған.

БАҚ-та украиналық велотуриспен болған оқиға жарияланғаннан кейін, Шымкент қаласы туризм басқармасы мен «SHYMQALA» хостелінің меншік иесі туристі алған жарақаты оңалғанша хостелге жатқызды.

Шымкенттегі велоқауымдастық мүшесі саналатын Андрей есімді меценаттың күшімен саяхатшының велосипеді жөндеуден өтті. Күн сайын қала тұрғындары саяхатшыға келіп, дәрі-дәрмектері мен басқа да қажетті заттарын жеткізіп тұрды.

Еске салайық, тамыз айының басында Владимир Галигузов өзі туып-өскен Шымкент қаласына келді. Ер адам түнде палаткада түнеген кезде белгісіз үш адам Владимирды ұрып-соғып, қабырғасын сындырған және қажетті заттары мен ірі сомадағы ақшасын ұрлап кеткен. 1000 АҚШ доллары мен бірнеше мың теңгесі жоғалған. Саяхаттауды тоқтатуға мәжбүр болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT