Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

Шымкентте тыйым салынған жерлерде шомылғандар заң бойынша жазаға тартылады

2019 жылғы 16 мамыр 04:20 377
Бөлісіңіз:
 Шымкентте тыйым салынған жерлерде шомылғандар  заң бойынша жазаға тартылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте тыйым салынған жерлерде шомылған тұрғындар  заң бойынша әкімшілік жазаға тартылады. Бұл туралы қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы кезекті брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Құқық бұзған шетелдіктер міндетті түрде елден шығарылмақ Қазақстанда қамауда ұстау мерзімін есептеудің тәртібі өзгертілмек

Төтенше жағдайлар қызметі басшылығының айтуынша, бүгінде жедел-құтқару жасағының 20 қызметкері суға шомылу маусымының соңына дейін қызмет атқарудың күшейтілген режиміне ауыстырылған. Бұл бағыттағы жұмыстарды белсендірек жүргізу мақсатында қала әкімдігі арнайы қаулы дайындап, іс-шаралар жоспары бекітілген. Үгіт-насихат жұмыстарына ерікті студенттерді, жергілікті полиция қызметкерлері тартылады. Шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында арнайы брифинг ұйымдастырғандар ағымдағы жылдың 4 айында қала аумағында судағы жазатайым оқиғалар тіркелмегенін жеткізді.

«Статистикаға жүгінсек, өткен жылы осы мерзімде 4 адам суға кетіп, қайтыс болған.  Оның екеуі - шомылу бекітілмеген жерлерде ішімдік ішіп шомылған ересек адамдар. Ал екі жас бала ата-анасының қарауынсыз қалып, арыққа түсіп кеткен»,- дейді қалалық  Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Ерғали Бахаев.

Департамент басшысының мәліметінше, қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында  қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбекұлымен төтенше жағдайлар комиссиясы құрылған. Оған   нақты тапсырмалар қойылып, қаладағы шомылу орындарымен келісімшарттар жасалған.  Яғни, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасылардың балаларын аптасына бір рет тегін шомылдыру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұдан бөлек Спорт және денешынықтыру басқармасы мен төтенше жағдайлар қызметінің  мамандары бірлесіп, қала аумағындағы шомылу орындарында балаларды шомылуға тегін үйрету көзделіп отыр.

«Ең бастысы, қазіргі таңда қала тұрғындарына БАҚ арқылы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Мегаполистің барлық мектептеріне бір уақытта интерактивті сабақтар өткізілді. Адамның өмірі, әсіресе жас балалардың өмірі басты орында. Сондықтан қарапайым ережелерді сақтаса, ол дегеніміз нақты белгіленген, рұқсат етілген жерлерде шомылу керек. Ата-аналарға айтарымыз, балаларын қараусыз қалдырмасын. Ал, ересектер суға түсерде ішімдік ішпесе деген ескерту айтқымыз келеді», - деді Ерғали Бахаев.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Заң, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT