Шымкентте түтінге тұншығып, екі адам қаза тапты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте түтінге тұншығып, екі адам қаза тапты. Қайғылы оқиға қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Өңірдің төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай күндізгі сағат 11-лер шамасында орын алған. 55 жастағы тұрғын бөлмесінде темекі тартып жатып, ұйықтап кеткен. Нәтижесінде төсек орын өртеніп, үйдің ішін көк түтін басқан. Көрші бөлмеде жатқан 80 жастағы зағип қария да иістен уланып, жантәсілім еткен. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жетіп, жалынды ауыздықтады. Жедел жәрдем қызметі мәйіттерді алып кеткен. Қазір қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері мен полицейлер қайғылы оқиғаның себеп-салдарын  анықтауда. 

Соңғы жаңалықтар