Шымкентте түрмеден шыққандарды қолдау орталығы ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Пробация әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету орталығы» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жазасын өтеп шыққандар үшін арнайы ашылған орталықта  жұмысқа орналастыру мен құжаттандыру сияқты бірнеше қызмет түрлері көрсетіледі.

Ұлт жоспарының 33-қадамын жүзеге асыру мақсатында ашылған нысанның ашылу салтанатында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділбек Досмағамбетов құттықтау сөз сөйледі.
null

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін орталықтың маңыздылығына тоқталды. Мұнда келушілер енді медициналық жәрдем  мен заңгерлік ақыл-кеңестер ала алады.  Орталық мамандары зейнетақы және жәрдемақыларды рәсімдеуге де көмек береді. Тіркеуге алынға азаматтарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмектерді көрсету үшін тұрақты топ құрылған. Бұл топтар тиісті жұмыстарын жүргізу үшін орталықтың ішінен бөлек екі қызметтік бөлмелер қарастырылып, қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілді.
null

Салтанатты шара соңында облыс әкімдігінің Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп іс-шаралар жоспары бекітілді. Әріптестік, өзара қарым-қатынасты дамыту жөнінде ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
null

Айта кетейік, әзірге мұндай нысандар тек Шымкент қаласы мен Шардара ауданынан ашылып отыр. Алдағы уақытта Түркістан қаласы мен Төлеби ауданынан ашу жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар