Шымкентте тұрғын үйлердің бірінен екі жылан шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы Қазығұрт шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінен екі жылан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бауырымен жорғалаушылардан қорқып қалған тұрғындар құтқарушыларды көмекке шақырған.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үйге жылан кіргені туралы хабарлама түнгі сағат 01.00 шамасында түскен.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына келіп жеткен.

Олар 2 бас жыланды ұстап, кауіпсіз жерге шығарып тастаған.

Жылан кіреберістегі есіктің жақтауына кіріп кеткен болып шықты.

Оның біреуінің ұзындығы бір метрден асады. Екіншісі одан сәл кішірек.

Құтқарушылар екеуін анасы мен баласы болуы мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында қала аумағында осымен екі үйден жылан табылып отыр.



Соңғы жаңалықтар