Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, қара малға дейін жанып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, қара малға дейін жанып кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 10 өрт сөндіру техникасы мен 55 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Өрт қала маңындағы елді мекендегі тұрғын үйлердің бірінен орын алған. Жалын үймен қатар оның ауласында орналасқан жалпы көлемі 120 шаршы метрді құрайтын цехқа өтіп кеткен. Соның салдарынан өндіріс орнының шатыры мен 40 трансформатор өртенген.
null  

Сондай-ақ темір бөшкедегі трансформатор майлары жанып, өртті сөндіруге қиындық тудырған. Бұдан өзге қораның шатырында жиналған сабан отқа оранып, ішіндегі 6 бас мүйізді ірі қара опат болды. Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт ошағынан 3 бірлік 50 келілік пропан және 3 бірлік оттегі баллондары қауіпсіз жерге шығарылды. Жалын сағат 12-08-де ауыздықталып, 12- 48-де толығымен сөндірілді.
null  

Соңғы жаңалықтар