Шымкентте тұмау жұқтырғандар көбейді

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте тұмаумен ауырғандар көбейіп тұр. Қазіргі кезде емханаларда егу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері Шымкент қаласында жедел респираторлы вирусты инфекциялардың 22046 жағдайы тіркелді. Бұл көрсеткішті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 1,7 есеге жоғарылағанын көруге болады. Науқастанушылардың 77,9 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр.

«Аурушаңдықтың алдын алу барысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 134580 доза гриппол вакцинасы қоймаға жеткізілді. Ол тұрғындардың 12,6 пайызын тұмауға қарсы егумен қамтуға жеткілікті. Жергілікті бюджет қаражатынан сатып алынған вакцина қатерлі топқа жататын азаматтарға жүргізіледі. Ал, жұмыс берушінің есебінен «Интертич» медицина орталығында, ақылы түрде «Орынбаев» медицина орталығында егу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр», - дейді Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар