+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Шымкентте топырақ басып қалған жұмысшылардың екеуі қаза тапты

2019 жылғы 9 қараша 11:14
Бөлісіңіз:
Шымкентте топырақ басып қалған жұмысшылардың екеуі қаза тапты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте құрылыс алаңында үш техниканы топырақ басып қалып, екі жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға кеше түнде сағат 21.15-те Нұрсәт мөлтекауданында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде пәтердегі газ қопарылысынан бір адам зардап шекті Түркістан облысында 12 жастағы жасөспірім суға батып кетті Атырауда Сағыз өзеніне 2 адам батып кетті

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, тоғыз қабатты үйге 25 метрлік тереңдікте шұңқыр қазу кезінде қабырғасы құлап кеткен. Салдарынан шұңқырды қазып, тегістеп жатқан үш техника (1 жүк тиегіш, 1 кран және 1 жол тегістейтін каток) жүргізушілерімен бірге үйіндінің астында қалған. Құтқару жұмыстарына ТЖД (40 қызметкер, 11 техника), жергілікті атқарушы орган (10 жұмысшы, 2 техника), ПД (15 қызметкер, 2 техника), «ЮгСтройСервис-Н» ЖШС (35 жұмысшы, 2 техника), «103»қызметі (4 қызметкер, 2 техника) жұмылдырылды.

Құтқарушылар бір техниканы шығарып, оның жүргізушісі аман қалды.

«ЮгСтройСервис-Н» ЖШС-на қарасты көп қабатты тұрғын үйдің ірге тас шұңқырын қазу кезіндегі төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен 1993 ж.т Т. Төлебаевқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық-емханалық ем тағайындалды. Ал, үйінді астында қалған 1969 ж.т Б.Қалжігітов пен 1965 ж.т. Е. Орынбаев оқиға орнында көз жұмды. Шұңқырдың жалпы көлемі 1369 шаршы метр, тереңдігі 20-25 метр. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды«, - делінген хабарламада.

Құтқару жұмыстары бес сағатқа созылды.

Қазіргі таңда құрылыс алаңында тексеру шаралары жүргізіліп, қайғылы жағдайдың себеп-салдары анықталуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT