Шымкентте тоғыз қабатты үйден өрт шығып, 130 адам далада қалған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте тоғыз қабатты үйден түн ішінде өрт шығып, 130 адам далада жүруге мәжбүр болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт түнгі сағат 23.01-лер шамасында Желтоқсан көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатынан шыққан. Электр сымдары тұрған жер отқа оранып, тоғыз қабатты үйдің барлық тұрғындары сыртқа шығарылды. Оқиға орнына 25 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылып, жалын толығымен ауыздықталған. Соның салдарынан жарық сөніп, тұрғындар бірнеше сағат бойы далада жүруге мәжбүр болған.

Тұрғындардың сөзінше, көк тутіннен адамдар үйлеріне кіре алмай, сыртта жүрген. Базбіреулер туыстарын жағалап кетсе, енді бірі бала-шағасымен түтіннің басылуын далада күтіпті. Түтінге тұншыққандар үшін жедел жәрдем қызметі де шақыртылған. Жарыққа жауапты сала қызметкерлері тунімен трансформатор ауыстырып, әбігерге түсіпті. Ал, тұрғындардың жанып кеткен есептегіш құралдарын кім ауыстыратыны әзірге белгісіз. Жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатқандықтан жарық әлі берілмей отыр,- дейді пәтер иелері.



Соңғы жаңалықтар