Шымкентте төбелескен жастар арасында атыс болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында екі топтың арасындағы төбелестің соңы атысқа ұласқан. Оқ тиген жігіттің бірі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 6 қаңтарда кешкі сағат 21:00-дер шамасында дәмханалардың бірінде болған.

«Екі топқа бөлінген жігіттер төбелескен, «Hyundai Accent» маркалы автокөлік жүргізушісі мен жолаушысына қарай бірнеше рет оқ атылған. Бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 3 бабына сәйкес «адам өлтіруге оқталу», «бұзақылық» және «қаруды заңсыз алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды» делінген хабарламада.

Осы оқиғаға байланысты тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Сондай-ақ, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция төбелеске қатысқан жігіттердің барлығын ұстады.




Соңғы жаңалықтар