Шымкентте ТМД және КО Кеден қызметі басшыларының Кеңесі өтті

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкенттегі «Rixos» қонақүйінде Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары Кеңесінің 61-отырысы мен Кеден одағына мүше мемлекеттердегі кеден қызметтерінің бірлескен 15-алқа отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан Рeспубликасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Ерғожин мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов арнайы қатысты. Алыс-жақын шет елдерден келген жауапты тұлғалардың қатысуымен өткен отырыстың жұмысына сәттілік тілеген өңір басшысы мәжіліс кезінде туындаған ой-пікірлер мен ұсыныстар жалпы экономикалық диалогқа оң әсерін тигізетінін айтты. Күн тәртібінде ТМД шеңберіндегі тауарлардың кедендік құнын бақылауда өзара ықпалдасу, зияткерлік меншік нысандарының құқықтарын қорғаудың қағидалары мен интернет-тауарларды кедендік бақылау сынды мәселелер қаралды. Сондай-ақ, ТМД қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары Кеңесінің құқық қорғау бөлімшелері жетекшілерінің Комитеті туралы ережені бекітті. Отырыс кезінде кеден органдарының өзара іс-қимылдары мен «жалғантранзитке» қатысты ақпарат алмасуды ұйымдастыру, кедендік декларацияларды қағаз жүзінде жөнелту рәсімін жою, тауарлардың кедендік құны бойынша тәуекелдерді азайтудағы бірыңғай тәртіптер белгіленіп, жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша тиісті шешімдерге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар