Шымкентте тіркемесіне жұмысшылар мінген тракторды жүк көлігі соғып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте тіркемесіне жұмысшылар мінген тракторды жүк көлігі соғып кетті. Салдарынан бес жұмысшы түрлі дене жарақатымен жедел-жәрдем ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол көлік оқиғасы бүгін таңертеңгі 9-дар шамасында орын алған. Қала шетіндегі өндірістік аймаққа баратын жолда «Howo» жүк көлігі трактормен соқтығысып, кейінгісінің тіркемесі ажырап кеткен. Куәгерлердің сөзінше, тіркемеде болған жұмысшылар осы кезде аударылған.  Абырой болғанда олар жол жиегіндегі көк шөптің үстіне құлапты. Соның өзінде бес адам зардап шегіп, оларды жедел-жәрдем көлігі алып кеткен. Дәрігерлер жұмысшылардың біреуін ғана ауруханаға жатқыздық деп отыр.

«Ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен 3 ер адам және 2 әйел түсті. Олардың біреуі бас ми жарақатын алғандықтан ауруханаға жатқызылды. Тағы бірінің жарақаты бетінен болғандықтан  тиісті медициналық тексеруден өткізіп жатырмыз. Содан кейін қалатын қалмайтыны белгілі болады. Өзгелеріне алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды», - дейді Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Қазір жол апатының себеп салдарын Шымкент қалалық ІІД анықтаушылары тексеріп жатыр. 

null 

Соңғы жаңалықтар