+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Шымкентте теннистен халықаралық турнир өтеді

2021 жылғы 27 қаңтар 21:53
Бөлісіңіз:
Шымкентте теннистен халықаралық турнир өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында фьючерс W15 сериясынан әйелдер арасында халықаралық теннис турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыс 1-7 ақпан аралығында хард төсенішінен жабық кортта өтеді.

Турнирге қатысатындардың алғашқы ондығына мына теннисшілер кіреді: Сабина Шарипова (Өзбекстан, WTA 372-орын), Юлия Хатука (Беларусь, WTA 381), Дарья Мишина (Ресей, WTA 399), Екатерина Казионова (Италия, WTA 425), Елена Малыгина (Ресей, WTA 562), Анастасия Тихонова (Ресей, WTA 692), Никола Бречкова (Чехия, WTA 906), Ноэль Сайденова (Ресей, WTA 933), Катерина Павленко (Беларусь, WTA 979), Любовь Костенко (Украина, WTA 1104).

Негізгі турнирде Қазақстан намысын Гөзал Айнитдинова (WTA 458), Жібек Құламбаева (WTA 625) және Екатерина Дмитриченко (WTA 889) қорғайды. Сондай-ақ іріктеу сайысында Жанел Рүстемова, Софья Чурсина, Мария Синицына, Диёра Әлжанова, Аружан Сағындықова, Карина Ризванова, Әсима Сазанова, Елена Ким, Айя Нупбай, Адель Исмағұлова, Елизавета Гнилозубова өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зара Дәркеннің Еуропа жасөспірімдер рейтингісінде 21-орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT