Шымкентте тек ерлер қатысқан сенбілік өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Шымкентте тек ерлер қатысқан жалпықалалық сенбілік өтті. Көктемнің алғашқы сенбілігін жігіттер қауымы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тазалық шарасына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен депутаттар, барлық мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары белсене атсалысты. Ерлер қауымы «Тәуелсіздік» саябағына қылқан жапырақты және басқа да ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке қатысқан 18 мыңнан астам қала тұрғыны барлық аудан қалалардың саябақтарын, гүлзарларын, аулалары мен көшелерін және арық-атыздарды қоқыстан тазартты.

Жалпы бұл күні қаладағы 43 шақырым жүргінші жолы, 131 шақырым болатын көше бойлары мен 47 шақырым ирригациялық жүйелер тазартылды. 354 тонна қоқыс шығарылған жұмысқа 50 шақты техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар