Шымкентте тәулік бойына кезекшілікте жүрген дәрігерлерге қонақүйден орын берілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте тәулік бойына кезекшілікте жүрген медицина мамандарына қонақүйден орын берілді.

Бұл шаралар қауіпті ошақта жұмыс істейтін емдеу мекемелері қызметкерлерінің отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар штабының мәліметінше, қонақүйде коронавируспен күресіп жатқан 100-ден астам қызметкерге орын дайындалған. Онда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері тынығып, демалуына барлық жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамақпен қамтылып, бөлмелері дезинфекцияланып тұрады.

Айта кетейік, күні бүгнге дейін 1290 медицицина қызметкеріне үстемеақы төленді. Үстемеақы алғандар қатарында реанимация бөлімдері мен жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші медицина қызметкерлері бар. Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен жедел-жәрдем жүргізушілері де үстемеақы алған.


Соңғы жаңалықтар