+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Шымкентте Тәуелсіздік күні мерекесінде ардагерлер құрметке бөленді

2019 жылғы 13 желтоқсан 18:58
Бөлісіңіз:
Шымкентте Тәуелсіздік күні мерекесінде ардагерлер құрметке бөленді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай ардагерлерге құрмет көрсетіп, қоғамдық өмірге белсенді атсалысып жүрген қарттарды марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атаулы күнде дүниеге келгенімді мақтан етемін - Азамат Қабақов Әнші Димаш Құдайберген қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады ҚХА өкілдері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Салтанатты шара барысында Ерлан Айтаханов шаһардың тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамай, ұдайы игі бастамалардың бел ортасында жүрген аға буынның еңбегі ерен екенін атап өтті. Сондай-ақ, егеменді ел болып қалыптасудағы еңбектерін айрықша бағалайтынын жеткізді.

Мерекелік жиында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Бекназаров, қалалық мәслихаттың хатшысы Ғ.Ташқараев, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов те бірқатар еңбек ардагерлерін марапаттады. Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен тыл еңбеккерлері сынды қаланың 300-ге жуық ардагері мерекелік дастарханда бас қосты. Қазыналы қариялар Тәуелсіздікке дейінгі өмірлерін еске алып, бүгінгі ұрпақтың бейбіт және тәуелсіз елде өмір сүріп жатқандарын атап өтті.

Егемендік алу жолындағы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың еңбегінің орасан екенін тілге тиек етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT