Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында қайырымдылық шарасы өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік бас дәрігер Мәдина Ермаханбетова тұл жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арнап қайырымдылық шарасын өткізді. Медицина қызметкері жеткіншектерге мерекелік дастархан жайып, ата-аналарына азық-түлік таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесуде Мадина Ермағанбетова балаларды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өткізілген шараның мақсаты балаларға қуаныш сыйлау екенін жеткізді. Бүлдіршіндерге алдағы уақытта сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Оларға түрлі сыйлықтар үлестірді.
«Балаларымызға қамқорлық көрсетіп, олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырғымыз келді. Жеткіншектерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулуға үлес қосуды мақсат тұттық»,- дейді Мадина Ермағанбетова.
Акцияға арнайы келген «Оңтүстік цирк» ұжымы да балалардың көңіл-күйін көтеруге арналған дамытушылық ойындарын ойнатып, іс-шараның көркін қыздырды.
Айта кетейік, қалалық гипербариялық оттектеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетованың бастасымен Тәуелсіздік күніне орай балаларға арналған қайырымдылық акциясы жыл сайын ұйымдастыралып келеді.
- Карантин: Шымкентте қоғамдық көліктердің жұмысы шектелді
- Футбол: «Ордабасы» клубына бас бапкер тағайындалды
- Шымкент полицейлері қонақүйдегі арыстанды іздестіріп жатыр
- «Нұрлы жер»: Шымкентте 1,5 мыңнан астам пәтер беріледі
-
Ақтөбеде оқушылар замандастарын емтиханға тегін дайындап жүр
-
Шымкентте карантин кезінде мұғалімдерден жүйелі түрде пара алған директор 8 жылға сотталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам