Шымкентте таспен ұрған тұрғын көз жұмды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте белгісіз адам жергілікті тұрғынның басын таспен ұрып, көшеге тастап кеткен. Салдарынан 63 жастағы жәбірленуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық оқиға кешкі сағат 21:30-да шамасында болған. Абай ауданы Полиция басқармасының жедел тергеу тобы аталған оқиға орнына жетіп, жәбірленушіге дене жарақаттарын салған күдіктінің бой тасалағанын анықтаған. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жергілікті полиция қызметі және Патрульдік полиция полкінің №810 автоэкипажының қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады.

Ол 1979 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» тіркелді. Алайда адам өліміне байланысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігінен 99-бабының 1-бөлігіне қайта сараланды», - делінген хабарламада.

Күдіктіге Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотымен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.


Соңғы жаңалықтар