Шымкентте тапсырыспен кісі өлтірген күдікті ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте тапсырыспен кісі өлтірген күдікті ұсталды. Түркістан облысының тұрғыны қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолға түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 19 шілдесінде кәсіпкерді өз үйінің маңында тапсырыспен өлтіріп кеткен болатын. Тергеу барысында аталған қылмыс серіктесінің тапсырысымен жасалғаны анықталған. Яғни, тапсырыс беруші ортақ фирманың бюджетінен ірі мөлшердегі ақшаны өз пайдасына жаратқан. Ұсталған сезікті осы қылмысты жасаған деп күдіктелуде.

«Сот санкциясымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмысқа тапсырыс беруші ағымдағы жылдың 25 шілдесінде ұсталып, кінәсін толық мойындаған болатын. Бүгінгі таңда ол да қамау абақтысында жатыр. Қазір осы қылмыс бойынша тергеу амалдары жалғасуда» делінген хабарламада.





Соңғы жаңалықтар