Шымкентте тапа-тал түсте 2 әйелдің алтын алқасын жұлып әкеткен

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте алтын алқа ұрлауды кәсіп еткен күдікті ұсталды. Қазіргі таңда полицияның құрығына түскен сезіктінің екі алқа ұрлығына қатысы бар екендігі анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД мәліметінше, күдікті бір аптада екі рет алтын бұйымын ұрлаған. Ол күндізгі уақытта  Қаратау ауданындағы  көшелердің біріне шығып,  жолда кетіп бара жатқан әйелге шабуыл жасаған. Мойнындағы құны шамамен 100 мың теңге тұратын алтын алқасын жұлып алған. Сөйтіп оқиға орнынан бой тасалаған. Арада бірнеше күн өткенде ол тағы ұрлыққа шығып,  өзге әйелдің құны шамамен 160 мың теңге тұратын алқасын алып кеткен.

«Шымкент қаласының Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған күдіктіні ұстады. Аталған жайттар бойынша Қылмыстық кодекстің 191 «тонау» бабымен  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар