Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 9 °С
Алматы: 15 °С
USD 327.11 EUR 386.74
RUB 5.34 CNY 51.37
Жаңалықтар

Шымкентте танымал кәсіпкерден 7 млн доллар бопсалаған азамат сотталды

2018 жылғы 13 ақпан 19:17 1245
Бөлісіңіз:
Шымкентте танымал кәсіпкерден 7 млн доллар бопсалаған азамат сотталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте кәсіпкерден 7 млн доллар бопсалаған танысы сотталды. Облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушы Бөйкейхан Қайыпназаровты 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік Көкшетауда ұсталды Ақтөбеде автобус жүргізушісін пышақтаған күдікті тергеліп жатыр

Сот барысында 56 жастағы айыпталушының қылмысы толығымен дәлелденіп, ол Қылмыстық кодекстің 194 бабы «Қорқытып алу» бойынша кінәлі деп танылып, абақтыға жабылды.

«Жаза қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі аса жоғары мекемесінде өтеу белгіленсін. Жазаның өтеу мерзімі 2017 жылдың 15 тамызынан бастап есептелсін. Оған қатысты таңдалынып алынған бұлтартпау шарасы бұрынғысынша күзетпен ұстауда қалдырылсын»,- деді сотта істі қараған судья Самидин Темірәлиев.

Естеріңізге сала кетейік, Бөкейхан Қайыпназаров Шымкенттік олигарх Серікжан Сейтжановтан 7 миллион АҚШ долларын талап еткен. Ол өткен жылдың сәуірі мен шілде айы аралығында кәсіпкердің ұялы телефонына бірнеше рет хабарлама жіберіп, қорқытқан. Яғни ірі көлемдегі қаржыны бермесе, кәсіпкер мен оның туыстарына қатысты мәліметтерді ғаламторға жариялайтынын жазған. Ал, 15 тамызда ақшаны алып жатқан кезінде қолға түседі. Сот барысында белгілі кәсіпкер айыпталушы танысына ешқандай қарыз емес екенін, қарызын кезінде өтеп қойғанын айтқан еді. Тіпті 7 баласы бар күдіктіні кешіретінін де жеткізген болатын.

Айта кетейік, Серікжан Сейітжанов «Forbes» дерегі бойынша еліміздегі елу ықпалды бизмендер тізімінде 18-ші орында тұрған кәсіпкер.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат