Шымкентте такси жүргізушісін өлтіргендер 20 жылға сотталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте такси жүргізушісін өлтіргендер 20 жылға сотталды. Алайда олар ауыр жаза тағайындаған сот үкімімен келіспей облыстық сотқа шағым түсірген болатын. Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы алғашқы үкімді күшінде қалдырды, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, екі айыпталушы өткен жылдың қыркүйек айында ұсталған болатын. Тергеу барысында олардың 30 жастағы такси жүргізушісін тонап, артынан азаптап өлтіргені дәлелденген. Сондай-ақ жолаушы тасымалдап жан бағып жүрген жүргізушінің Дэу Джентра көлігі мен ұялы телефонын ұрлап кеткен еді. Кейіннен қос күдікті Қылмыстық кодекстің «Қасақана кісі өлтіру», «Адам ұрлығы» және «Тонау» баптарымен кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге сотталды. Айыпталушылар жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейтін болды. Сот үкімі күшіне енген.

Соңғы жаңалықтар